
Тарау 1 / 9 · оқу 2 мин
Ғаламның үш қабаты
Әрине, сен Жердің домалақ екенін және Күнді айналатынын білесің. Бірақ мифологияда бәрі басқаша, ата-бабаларымыз әлемді өзінше елестеткен.
Ең алдымен олар Ғалам тігінен үш әлемге бөлінеді деп есептеген: жоғарғы, орта және төменгі.
Жоғарғы әлем. Мұнда аспан, жұлдыздар, тіпті өзінің аспан адамдары да бар. Кемпірқосақ шыққанда, бұл аспандағы кемпір жаңбыр жауып тұрғанда не жаңбырдан кейін ешкі-лағы мен қой-қозысын шалғынға айдап шыққаны.
Ол Айда тұрады. Сондықтан Жердің серігін саусақпен нұсқауға немесе оған ұзақ қарауға болмайды: кемпір кірпігіңді санап қоюы мүмкін, сонда адамның ғұмыры жүз жылдан әлдеқайда қысқа болады.
Жоғарғы әлемде перілерӨте сұлу адамдарға ұқсайтын сиқырлы халық. де тұрады (эльфтерге ұқсас бірдеңе). Олар құсқа айналып, өз шаруаларымен Жерге түсе алады.
Орта әлем. Мұнда біз тұрамыз. Бізде қалалар, жайылымдар және тағы басқа көп ғажайып бар.
Төменгі әлем. Мұнда жер асты тұрғындары мен су перілеріСу перілері, Төменгі әлемнің тұрғындары. мекендейді: су айдындары да төменгі әлемнің бір бөлігі саналады. Онда өз күндізі мен түні, өз Айы мен жұлдыздары бар.
Ал алдыңдағы тұрғынның қай әлемнен екенін қалай ажыратуға болатынын білесің бе? Аспан адамдары белбеуді алқымының астынан буады, жердегілер — белі мен жамбасынан, ал жер астындағылар — аяғынан. Бәлкім, кейбір айдолдар шын мәнінде жоғарғы не төменгі қабаттағы көршілеріміз шығар?
















