
Тарау 1 / 12 · оқу 1 мин
Кемпірқосақ неге солай аталған
Радуганы қазақша кемпірқосақ дейміз. Сөзбе-сөз — «кемпірдің қосағы».
Шоқан Уәлиханов «Қырғыздардағы бақсылықШамандар мен емшілер, олардың аспабы — қобыз. іздері» еңбегінде былай түсіндірген: қосақ — қойларды екі жағынан тұзақпен байлайтын жіп. Кемпірқосақ шынында да бүкіл аспанды кесіп өткен осындай доғаға ұқсайды. Ал оны көктегі кемпір ұстап тұр.
Нанымдар бойынша, аспанда басқа адамдар да тұрады. Уәлиханов біз, орта әлемнің тұрғындары, белімізді ортасынан буамыз деп жазған. Көктегі адамдар белбеуді тамағының астынан, ал жер астындағылар — аяғынан тағады.
Дереккөздер






















